Еліміздегі еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген

862

2018 жылға дейін шетелдік еңбек күшін тартуға арналған квота жалпы жұмыс күшінің 0,46 пайызын, яғни 41 мың адамды құраған.

Еліміздегі еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан келген

Қазақстанда 2019 жылдың 1 қаңтарынан 20,3 мыңға жуық шетелдік маман жұмыс істеуге квота алды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, 2018 жылға дейін шетелдік еңбек күшін тартуға арналған квота жалпы жұмыс күшінің 0,46 пайызын, яғни 41 мың адамды құраған.

Жұмыс істеуге берілетін рұқсаттардың басым бөлігі Атырау (7,9 мың) мен Маңғыстау облыстарына (2,1 мың), сондай-ақ Астана қаласына (2,2 мың) тиесілі.

Еңбек мигранттарының басым бөлігі Қытайдан (5,2 мың), Түркиядан (1,8 мың), Ұлыбританиядан (1,4 мың), Үндістаннан (1,7 мың) және Украинадан (863) келгенін атап өткен жөн.

Шетелдіктер негізінен құрылыс (11,9 мың адам), әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету (3,2 мың), тау-кен өндіру (2,6 мың) және өңдеу (1,9 мың) өнеркәсібі, сонымен қатар ауыл шаруашылығы (1,7 мың) салаларында еңбек етуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу