Еліміздегі ірі сауда-ойын-сауық орталықтары желісі жабылады

2051

Супермаркет пен дәріханалар жұмыс істейді.

Еліміздегі ірі сауда-ойын-сауық орталықтары желісі жабылады

Astana Group президенті Нұрлан Смағұлов коронавирустың таралуын алдын алу үшін сауда-ойын-сауық орталықтарының желісін жабатынын хабарлады. 

"Әлеуметтік-жауапкершілігі жоғары компания ретінде MEGA сауда-ойын-сауық орталықтарының желісін жабуды шештік. Біз коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу үшін және жалға алушылар мен келушілердің пікірін ескере отырып осындай шешімге келдік. Әйтсе де, келушілерге ыңғайлы болу үшін супермаркет пен дәріханалар жұмыс істейді", - деді Нұрлан Смағұлов. 

Яғни, орталықтарда орналасқан супермаркет күнделікті 9:00-ден 23:00-ге дейін, ал дәріханалар 10:00-ден 22:00-ге дейін келушілерге қызмет көрсетеді. 

Бұдан бөлек компания басшысы орталық жабылған уақытта жалға алушылардан жалға алу құны талап етілмейтінін ескертті. 

"Біз жалға алушыларға барынша жағдай жасауға тырысамыз. Сауда-ойын-сауық орталығы жабылған уақытта жалға алу ақысы талап етілмейді", - деді Нұрлан Смағұлов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу