Еліміздегі медорталықтардың 70 пайызы стандартқа сай емес

1387

Мемлекеттік сатып алу кезінде басымдық талаптарға сай деп танылған емханалар мен өзге де денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі.

Еліміздегі медорталықтардың 70 пайызы стандартқа сай емес

Еліміздегі барлық медициналық орталықтың 30 пайызы ғана халықаралық стандартқа сай екенін дәлелдеп, аккредиттеуден өткен. Қалған 70 пайызы әлі тапсырыс бермеген немесе тексеруден өте алмаған, деп хабарлайды Atameken Business.

Мемлекеттік сатып алу кезінде басымдық талаптарға сай деп танылған емханалар мен өзге де денсаулық сақтау ұйымдарына беріледі. Қазір аккредиттеу мәселесі ерікті түрде іске асуда, құны 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін. Алайда, алдағы 5 жылда міндетті тәртіпке енгізілуі мүмкін. Ұсынысы мақұлданып, тексеруден өткен медициналық орталықтар 4 жыл сайын стандарттарға сай екенін дәлделдеп, қайта аккредиттеуден өтуге тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу