Еліміздегі олимпиадалық емес спорт түрлері бір қауымдастықтың астына бірікті

1055

Еліміздегі олимпиадалық емес спорт түрлері бір қауымдастықтың астына бірікті

Еліміздегі олимпиадалық емес спорт түрлері бір қауымдастықтың астына бірікті, деп хабарлайды 24.kz.

Бас-аяғы 20-дан аса федерацияның басшысы Астанада бас қосып, бірқатар маңызды шешім қабылдады. Оның ішінде қауымдастық басшысы ретінде Кәрім Мәсімов таңдалып, алдағы жұмыстың жоспары талқыланды.

Жауынгерлік өнер қауымдастығы атты ұйым өзіне каратэ, грэпплинг, муайтай секілді жекпе-жек түрлерін біріктіреді.

Жауынгерлік өнер қауымдастығы еліміздегі бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу керек. Бұған қоса салада болып тұратын кикілжіңдерге нүкте қояды деп күтіліп отыр.

"Бұл салада бір ерекшелік бар. Ол мына жекпе-жектер төңірегінде айналысатын жастарымыз көп. Сол жастарды қамқорға алып, шоғарландыатын кезіміз келген сияқты. мысалы, каратэмен айналысатындардың 90 пайызы мектеп жасындағы балалар", - дейді Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясының президенті Омархан Өксікбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу