Еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері белгілі болды

355

Қазақстанда 2,5 миллионға жуық зейнеткер тұрады.

Еліміздегі орташа зейнетақының мөлшері белгілі болды Фото: gov.kz

Қазақстанда маусым айында зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгеге жетті.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Осы жылдың басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 745,9 млрд теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 564,7 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 181,2 млрд теңге.

"2025 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 481 мың адам. 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 502 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы – 95 814 теңге, базалық зейнетақы – 47 688 теңге", – делінген хабарламада.

Биыл 1 қаңтарда базалық зейнетақы төлемі инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға асыра көтерілген болатын.

Министрлік Президенттің тапсырмасымен 2023 жылдан бастап 5 жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақы ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызына, ал ең жоғары – 120%-ға дейін жыл сайын кезең-кезеңімен артады деп болжам отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу