Еліміздегі ресейлік мұнай компаниялары қатысатын жобалар Ұлыбритания санкциясынан босатылды

174

Бұл туралы бүгін белгілі болды. 

Еліміздегі ресейлік мұнай компаниялары қатысатын жобалар Ұлыбритания санкциясынан босатылды Фото: РБК

Ұлыбритания енгізген санкциялар аясында Ресейдің "ЛУКОЙЛ" компаниясы қатысатын халықаралық мұнай жобаларының жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Бұған дейін Ұлыбритания Ресейдің ірі мұнай компанияларын санкция тізіміне енгізгенін жазғанбыз. Атап айтқанда, бұл шектеу "Роснефть" пен "Лукойлға" қатысты болды.

Біріккен корольдік үкіметінің ресми сайтында жарияланған негізгі лицензияға сәйкес, "ЛУКОЙЛ" компаниясына 2027 жылдың 14 қазанына дейін Каспий құбыр консорциумымен операциялар жүргізуге рұқсат беріліп отыр. 

Бұдан басқа "ЛУКОЙЛ" компаниясына Қазақстандағы "Теңізшевройл" компаниясымен және "Қарашығанақ" кен орнында, The Azerbaijan Gas Supply Company компаниясымен, Каспий теңізінің әзербайжандық бөлігіндегі "Шах-Дениз" кен орнында, Оңтүстік Кавказ газ құбырында жұмыс істеуге мүмкіндік беріледі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу