Еліміздегі спорт нысандарының аумағы стандартқа сай емес

1073

Әрбір мың адамға 80 шаршы метр спорт алаңы болуға тиіс.

Еліміздегі спорт нысандарының аумағы стандартқа сай емес

Мәжіліс төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева елімізде бұқаралық спорттың не себепті жалпыұлттық сипатқа ие болмай тұрғанын мәлімдеді. 

Оның сөзінше, қарапайым адамдар спорт нысандарына емін-еркін бара алмайды. 

"Спорт кешендері ел азаматтары үшін қолжетімді болуы керек. Бүгінгі таңда 30 мыңнан астам спорт нысаны жұмыс істеп тұр. Алайда олардың аумағы стандартқа сай емес. 2014 жылы сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік норматив бойынша әрбір мың адамға 80 шаршы метр спорт алаңы болуға тиіс екені нақтыланды. Қазір бұл көрсеткіш әрбір мың адамға 47 шаршы метрден аспайды", – деді Гүлмира Исимбаева.

Мәжіліс төрағасы орынбасарының айтуынша, мәселе 2018 жылдан бері күн тәртібінде тұр.

"Былтыр үкімет 13 дене шынықтыру сауықтыру кешенін салды. Биыл және келесі жылы тағы 87 спорт кешенін салу жоспарланып отыр", – деді Гүлмира  Исимбаева.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу