Еліміздегі тауарлар экспорты 46,7 млрд долларға қысқарды

642

Шетелдік инвесторларға төленетін кіріс 13,9 млрд долларға азайған.  

Еліміздегі тауарлар экспорты 46,7 млрд долларға қысқарды

Ұлттық банк өткен жылдың есептік төлем балансы туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz

Төлем балансының ағымдағы шоты – (2019 жылғы 7,3 млрд доллары дефицитімен салыстырғанда) 6,3 млрд доллар. 

"Көрсеткіштің жақсаруы шетелдік инвесторларға төленетін кірістің қысқаруы, сондай-ақ Қазақстан мен Қарашығанақ консорциумының қатысушыларынан түскен 1,3 млрд доллары есебінен болды", – деп жазылды хабарламада.

2021 жылдың қаңтардағы алдын ала мәліметке сәйкес, 2020 жылғы төлем балансының ағымдағы шоты 5,9 млрд доллар дефицитімен қалыптасты. 

Сондай-ақ хабарламада есепті кезеңде тауарлар экспорты (2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда) 46,7 млрд долларға немесе 19,7%-ға қысқарды. Экспорттың қысқаруы негізінен мұнай мен газ конденсаты экспортының төмендеуімен байланысты. Тауарлар импорты 36,2 млрд долларға немесе 9,6%-ға төмендеді. Бұл инвестициялық және аралық тауарларды әкелудің қысқаруымен байланысты. Осылайша, сауда балансының оң сальдосы 10,5 млрд долларына дейін немесе 42,1%-ға азайды деп жазылған.

Сонымен қатар 2020 жылы тікелей шетелдік инвесторларға төленетін кіріс мұнай бағасының төмендеуі мен COVID-19 пандемиясы салдарынан
13,9 млрд долларға немесе 34,6%-ға төмендеді.

"Өткен жылы қаржы шоты бойынша капиталдың таза әкелінуі (Ұлттық банктің резервтік активтері мен операцияларды қоспағанда) 15,3 млрд доллар болды. 
2019 жылы капиталдың таза әкетілуі 1,6 млрд доллар болған еді", - деп жазылды хабарламада.

Капиталдың әкелінуі негізінен "Теңізшевройл" ЖШС кеңейту жобасын іске асыруды қаржыландыруды жалғастыруымен, қаржы министрлігінің тәуелсіз облигацияларды орналастыруымен, Азия Даму банкінен үкіметтік қарызды тартуымен, ҚР Ұлттық қорының операцияларды қамтамасыз етуімен байланысты.

"Резервтік активтер (ҚР Ұлттық қорының активтерін есептемегенде) 
2021 жылдың 1 қаңтарында 35,6 млрд долларға бағаланды. Бұл қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтер импортын 9,7 ай қаржыландыруын өтейді", - деп жазылды хабарламада.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу