Еліміздегі ұн экспорты төмендеп барады

915

Еліміздегі ұн экспорты төмендеп барады

Қостанайлық ұн өндірушілер Ауғанстан және Орталық Азия нарығынан айырылып қалуымыз мүмкін деп дабыл қағып отыр. Себебі көршілес Өзбекстанда соңғы 4-5 жылда диірмен кешендерінің құрылысы қарқын алып, қарымы арта түсті. Нәтижесінде олар Қазақстан астығын өздерінде өңдеп, көрші елдер нарығын жаулай бастаған, деп хабарлайды 24.kz.

Өзбек үкіметі де өз кәсіпкерлеріне жеңілдіктер жасап, барынша қолдау көрсетіп отыр. Сол себепті қостанайлық ұнның тоннасы қазір 64 мың теңге тұрса, оларда екі есе арзан. Ал ұн өндірушілер бұл бағаға отандық кәсіпорындардың қарсы тұруға қауқары шамалы дейді.

"Ауғанстан нарығын жоғалтып алмау үшін амалсыз бағаны төмендетеміз. Шығын шаш-етектен. Осы жыл басынан бері ай сайын шамамен 15-20 миллион теңгеге шығынға баттық. Тұтынушыларымыздың біразы Өзбекстанға қарай бет бұра бастады. Үкімет қолдау көрсетпесе, тоқтап тынамыз", - дейді диірмен кешенінің директоры Дулат Шаяхметов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу