Еліміздегі уран қоры қанша екені белгілі болды

170

Республика бойынша 9 уран провинциясы бар.  

Еліміздегі уран қоры қанша екені белгілі болды Фото: kazatomprom.kz

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров Қазақстандағы уранның қоры қанша екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сенатта Мәжіліс қабылдаған "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне көмірсутектер мен уран саласында жер қойнауын пайдалануды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң қаралды.

"Мен геолог ретінде айтып өтейін. Негізінен уранның біздегі болжамды қоры 2 млн тоннадан асады. Қазақстан бойынша 9 уран провинциясы бар. Оның ішінде екеуі Шу-Сарысу бассейні, одан кейін Сырдария бассейні. Осы екеуі игеріліп отыр", – деді Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу