Елімізден Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай, Нью-Йоркке рейстер қашан ашылады?

290

Халықаралық әуе тасымалдары бойынша, 28 елмен 110 бағытта рейстер орындалады. 

Елімізден Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай, Нью-Йоркке рейстер қашан ашылады? Фото: inbusiness.kz

Көлік министрі Марат Қарабаев Үкімет отырысында авиация саласын дамыту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Эль-Кувейт  және басқа да қалаларға 32 халықаралық авиамаршрут ашылды. Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашылатын болады. Осы жылы Қазақстанға ұшуға 6 шетелдік авиакомпанияға рұқсат берілді", - деді ведомство басшысы.

"Ашық аспан" режиміне түзетулер енгізіліп, "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалануға барлық шектеулер алынып тасталды.

"2024 жылғы 14 наурыздан бастап Азиялық ірі лоукостер "Air Asia" компаниясы Алматы – Куала-Лумпур бағытында рейстерді орындауға кіріседі және "ашық аспан" режимін қолдана отырып, Алматыдан әрі қарай Джидда қаласына рейстерді орындайтын болады", - деп қосты министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу