Елімізден жеткізілген бие сүтін Қытай қалаларында сатуға рұқсат берілді

782

Елімізден жеткізілген бие сүтін Қытай қалаларында сатуға рұқсат берілді

"Самұрық-Қазына" қытайлық ірі инвестициялық компанияның бірі "WintaGroup"-пен өзара түсіністік туралы меморандумды бекітті, деп хабарлайды 24.kz.
Құжат қордың басқаруындағы арнайы экономикалық аймаққа инвестиция салу және дамыту бойынша стратегиялық ынтымақтастықты қарастырады. Бұдан бөлек "Қорғас – Шығыс қақпасында" көліктік-логистика, электронды сауда сияқты жобаларды дамытуға бағытталған құжаттар да бар.
Бүгінде еліміз Қытайдың Орталық Азиядағы ең үлкен сауда серіктесіне айналып отыр. Қазақстан экономикасына тікелей инвестиция салудан Қытай 4-орында тұр.
"Елбасының да тапсырмасы осындай, тек басымдық жоғары технологиялық салаларға көңіл бөлінеді. Осы бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Осы іссапардың аясында Қазақ инвест 15 жобаны пысықтап, келісімге қол жеткізілді",- дейді "Kazakh Invest" ҰК басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев.
"Біз екі жылдан астам Қытайға биенің сүтін кіргізе алмадық. Елбасының арқасында осы қазіргі сапар кезінде екі елдің арасындағы тезис дейді, келісім-шартқа осы биенің сүтін кіргізіп, оны Қытай қалаларында сатуға рұқсат берілсін деген қағазға қол қойылды", - дейді кәсіпкер Қадырбек Мейрамбеков.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу