Осы жылдың шілде айында Алматы, Шымкент қалаларында және Қазақстанның сегіз өңірінде заңсыз қару айналымының жолын кесу мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Нәтижесінде құқық қорғау органдары 31 қару тәркіледі. Оның ішінде төрт автомат, 20 аңшы мылтығы және жеті тапанша бар. Сондай-ақ екі граната мен 278 оқ-дәрі анықталды.
Арнайы операцияларды прокуратураның үйлестіруімен ҰҚК қызметкерлері полиция органдарымен бірлесіп жүргізді.
Қазіргі уақытта жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу