Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

818

"Қазгидромет" РМК-сы Қазақстанның 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  кәсіплрын таратқан мәліметтерге сілтеме жасап.  

Еліміздің 11 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

12 тамызда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады, кей жерлерінде күші 15-20 м/с-қа жетеді.

Нұр-Сұлтанда найзағай ойнайды. Солтүстіктен жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Көкшетауда түнде және таңертең 12 тамызда тұман түседі.

Күндіз 12 –сі күні тәулік бойы және 13 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Кей жерлерде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Жел солтүстік-батыс, солтүстіктен соғып күші кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Үржар, Жарма аударында өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында жел солтүстік, солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді, арты шаңды дауылға ұласады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының кей жерлерінде күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз найзағай кезінде екпіні 18-23 м/с болады. Кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ жауады, тұман түседі, батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.

Павлодарда найзағай ойнап, батыстан соққан жел солтүстік- шығысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе облысында жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, кей жерлерінде күші 18 м/с болады. Кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

Қостанайда күндіз солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 12 тамыз күні күндіз 37 градус ыстық болады. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с болады. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Түркістан облысының кей жерлерінде күндіз солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

Петропавлда түнде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу