Еліміздің 13 аймағында жалақы орташа деңгейге жетпейді

1330

Жалақысы ең аз өңір –Жамбыл, Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары. 

Еліміздің 13 аймағында жалақы орташа деңгейге жетпейді

Қазақстанның 17 аймағының он үшінде жалақы көлемі орташа деңгейге де жетпейді, деп хабарлайды Аtameken Business. Биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында еңбекақының орташа мөлшері 205 600 теңге болған. Тек төрт өңірдегі айлық қана аталған мәннен асқан. Ол – Атырау облысында – 364 мың, Маңғыстауда – 310 мың, Нұрсұлтанда – 284 мың, Алматыда – 237 мың теңге. Жалақысы ең аз өңір –Жамбыл, Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары. Мұнда еңбек адамдарының алатыны айына 150 мың теңгеден сәл асады. Десе де мамандар, былтырмен салыстырғанда айлық мөлшері 13 пайызға өсті деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу