Еліміздің 13 өңірінде инвестициялардың өскені байқалды

681

4 өңірде керісінше инвестициялық көрсеткіштер төмендеген.   

Еліміздің 13 өңірінде инвестициялардың өскені байқалды

Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов ел өңірлеріне тартылған инвестициялар туралы сөз қозғады. Оның айтуынша бірқатар өңірге салынған қаражат көлемі артқан. 

"Негізгі капиталға 10,6 трлн теңге сомасында инвестициялар тартылды. 13 өңірде инвестициялардың өскені байқалды. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер 66,7% Түркістан облысында және 56,4% Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде инвестициялардың төмендеуі тіркелді. Олардың қатарында көрсеткіш 28,2%-ға төмендеген Батыс Қазақстан, 26,7%-ға азайған Қызылорда облысы, 23,1% төмендеген Атырау облысы және 15,5%-ға кем нәтиже көрсеткен Қарағанды облысы", – деді министр. 

Бұл ретте ол кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда, инвестициялар өскенін айтады. 

"Олардың өсуі 17,3%-ды құрады", – деді Руслан Дәленов. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу