banner

Еліміздің 3,5 млн азаматы кәсіпкерлікпен айналысады

933

Ұлттық экономика министрлігі шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға жеткізуді жоспарлап отыр.  

Еліміздің 3,5 млн азаматы кәсіпкерлікпен айналысады

"2019 жылы жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 31,7%-ды  құрады. 2015 жылы бұл көрсеткіш 24,9% болды. Шағын және орта бизнестің өсуі ел экономикасындағы оң өзгерістердің көрсеткіші болып табылады. Біздің міндетіміз – шағын және орта бизнестің үлесін 2025 жылға қарай 35%-ға, ал 2050 жылға қарай 50%-ке дейін жеткізу", – деді Руслан Дәленов сенатта өткен парламенттік тыңдауда.

Министрдің мәлімдеуінше, бизнеспен айналысатындардың саны жыл сайын артып келеді. Бүгінде 3,5 млн адам кәсіпкерлікпен айналысады. 

"Нұр-Сұлтан мен Алматы шағын және орта бизнес құрылымында жетекші орынға ие. Оларға жалпы ішкі өнімнің барлық көлемінің үштен бірі, сондай-ақ шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндердің жалпы санының үштен бірі келеді. Айта кетейін, еліміздегі бизнес бөлінісінің өңірлік сәйкессіздігі біртіндеп түзеліп келеді", – деді Руслан Дәленов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу