Еліміздің 3 өңірінде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды

115

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Еліміздің 3 өңірінде мал ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды Фото: gov.kz

Ішкі істер министрлігі мен оның аумақтық бөліністері мал ұрлығына қатысы бар адамдардың қылмыстық әрекеттерін әшкерелеуге бағытталған ауқымды жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде бір мезгілде Түркістан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында жүйелі түрде мал ұрлығымен айналысқан үш ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды.

Тергеу деректеріне сәйкес, топ мүшелері иелері қараусыз қалдырған жылқы мен ірі қараны еркін жайылымнан ұрлап, оларды алыс аймақтарға айдап апарып сойған. Кейін етін базарларға өткізген.

"Жедел іс-шаралар барысында күдіктілерден 55-тен астам ұрланған мал тәркіленіп, иелеріне қайтарылды. Қылмыстық топтардың ұйымдастырушылары мен сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабына (Мал ұрлығы) сәйкес оларға 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін", – делінген ақпаратта.

ІІМ азаматтарды төрт түлік малды қараусыз қалдырмауға және жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарлауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу