Еліміздің 8 облысы мен 1 қаласында мал азығы 100 пайыз дайын

193

Қазақстанда 36 млн тонна мал азығы дайындалды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Еліміздің 8 облысы мен 1 қаласында мал азығы 100 пайыз дайын Фото: АШМ

2025-2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары белсенді жалғасуда, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, 24,9 млн тонна шөп (жоспардың 101,5%-ы), 1,9 млн тонна пішендеме (112,5%), 3,2 млн тонна құрамажем (56,8%), 2 млн тонна сабан (97,0%), 4,1 млн тонна сүрлем (88,6%) дайындалды,  делінген АШМ таратқан ақпаратта.

Белсенді жұмыс Солтүстік Қазақстан облысында (125%), Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында (100%) жоспар орындалғаны байқалады.

Дайындалған мал азығының көрсетілген көлемдері жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жалпы республикадағы мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу