Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

517

Дауылды ескертудің ықтималдылығы 85-100%.  

Еліміздің алты өңірінде ескерту жарияланды

Ертең Қазақстанның 6 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы облысында кей жерлерде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Ақтау қ: 29 сәуірде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, батыстан желі соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласы: таңертең және күндіз 29 сәуірде найзағай, батыстан желі соғады, күші екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының түнде басым бөлігінде жаңбыр, облыстың солтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерінде тұман, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 29 сәуірде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр күтіледі. 29-30 сәуірде түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20, екпіні 25 м/с, күндіз күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 күтіледі. Петропавл қ: 29-30 сәуірде найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі.  Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші түнде кей жерлерінде 15-20, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Қостанай қ: күндіз 29 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с күтіледі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу