Еліміздің Әскери доктринасы қайта әзірленді

531

2022 жылы қорғаныс саласының негізгі күш-жігері Қарулы Күштердің құрылымын жетілдіруге, жауынгерлік әзірлікті арттыруға бағытталды. 

Еліміздің Әскери доктринасы қайта әзірленді Фото: azattyq-ruhy.kz

Бұл  туралы  "Қорғаныс күштерін реформалау және жауынгерлік қабілетін арттыру шеңберіндегі шаралар" атты Орталық  коммуникациялар қызметінде өткен бирифингте Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Сұлтан Қамалетдинов мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, елімізде жаңа мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес әскери қауіпсіздік саласындағы құжаттар қайта әзірленді.  Қазіргі заманғы сын-қатерге сәйкес Әскери доктрина қайта әзірленді.

"Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы әзірленді. Осы жоба шеңберінде қару-жарақтың елімізде шығарылған үлгісін дайындау, оқ-дәрі қоймасын салу, қолданыстағы сақтау объектісін жетілдіру көзделген", деді Сұлтан Қамалетдинов.

Қазір еліміздің қорғаныс саласы озық қарумен, басқару жүйесімен жабдықталған  технологиялық мобильді армия құруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, қорғаныс өнеркәсібін дамыту, әскери білім мен ғылымды жетілдіру, әскери қызмет беделін арттыру, жастарға әскери патриоттық тәрбие беру міндеті айқындалған.

"Әскеріміз "Қуатты армия – Жаңа Қазақстан!" ұранымен осы айқындалған міндеттерді орындауға кірісті", деді Сұлтан Қамалетдинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу