Еліміздің әскери медицина қызметіне – 34 жыл

105

Әскери медицина жүйесі жаңғыртылып, медициналық инфрақұрылым мен мамандар даярлау ісі қарқынды дамып келеді.  

Еліміздің  әскери медицина қызметіне – 34 жыл Фото: gov.kz

1992 жылғы 8 шілдеде Қарулы Күштер Бас штабының Әскери-медициналық басқармасы құрылып, тәуелсіз Қазақстанның әскери медицина жүйесінің негізі қаланды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бүгінде әскери дәрігерлер әскерлердің жауынгерлік даярлығын, оқу-жаттығуларды және халықаралық бітімгерлік миссияларды медициналық қамтамасыз етіп келеді. Қазақстандық мамандар Голан жоталарында да қызмет атқаруда.

Қазіргі таңда әскери медицина жүйесінің құрамында сегіз әскери госпиталь, төрт лазарет және бірқатар мамандандырылған медициналық бөлімшелер жұмыс істейді. Инфрақұрылым кезең-кезеңімен жаңғыртылып, медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде.

Сонымен қатар әскери медицина кадрларын даярлауға ерекше көңіл бөлінуде. Қазір әскери-медициналық мамандықтар бойынша 130-дан астам курсант пен әскери интерн білім алса, жыл сайын 1300-ге жуық маман біліктілігін арттыру курстарынан және тактикалық медицина бағдарламаларынан өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу