Еліміздің басым бөлігі "қызыл аймақта" тұр

1515

Күн сайын 5 мыңнан аса адам коронавирус жұқтырып жатыр.

Еліміздің басым бөлігі "қызыл аймақта" тұр

Қазақстанда 14 өңір "қызыл аймақта" тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өткен тәулікте коронавирус 5 317 адамнан анықталған. Осылайша, елімізде СOVID-19 жұқтырғандар саны 494 222-ге жетті.

Өткен тәулікте 1 896 адам коронавирустан айықты. Пандемия басталғалы бері 431 956 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

19 шілдедегі мәлімет бойынша 58 887 адам коронавирустан емделіп жатыр. Олардың ішінде 19 005 пациент стационарда, 39 882 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

"1047 адамның жағдайы ауыр, 230 пациенттің жағдайы өте ауыр, 144 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ коронавирус пен пневмониядан 48 адам көз жұмды.

Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы:

"Қызыл аймақта": Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары;

"Сары аймақта": Жамбыл, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, елімізде коронавирусқа қарсы  вакцинаның  бірінші компонентін 4 895 174 адам, екінші компонентін 2 798 360 адам салдырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу