Еліміздің басым бөлігінде аяз қайта күшейеді

134

Бұл туралы "Қазгидромет"РМК мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Еліміздің басым бөлігінде аяз қайта күшейеді Фото: rg.ru

Синоптиктердің хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен әртүрлі қарқындылықтағы жауын-шашын күтіледі. Солтүстік және шығыс өңірлерде қар жауып, кей уақыттарда қалың қар түседі. Оңтүстік облыстарда жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде болжанады.

Сондай-ақ екпінді жел күшейіп, боран соғады, көктайғақ пен тұман құбылыстары байқалады.

"Циклоннан кейін Батыс Сібір жазығы (ЕТР) аудандарынан антициклон батыс өңірлерге ығысады. Соның әсерінен жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді. Түнгі уақытта батыс облыстарда ауа температурасы 10–22 градус аязға дейін, солтүстік облыстарда 17–25 градус аязға дейін, ал оңтүстік облыстарда 0–8 градус аязға дейін төмендейді. 23 ақпаннан бастап солтүстік-батыста, 24 ақпаннан бастап солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде ауа температурасының күрт төмендеуі болжанады. Кей жерлерде 25–37 градусқа дейін аяз күтіледі", деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу