Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын сақталады

297

Бейсенбіге арналған ауа-райы болжамы. 

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын сақталады Фото: inbusiness.kz

7 желтоқсан күні республиканың көп бөлігіне циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсері жалғасады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Соның әсерінен жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын сақталады. Тек батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық аумағында тұман, көктайғақ және екпінді жел болжанады. Елдің шығысында өте қатты жел соғады.

Сонымен қатар, түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 30 м/с және одан жоғары жылдамдықта жел тұрады.

Бұдан бөлек, Жетісу облысының Алакөл ауданында кей уақытта желдің күші артып, 30 м/с және одан жоғары болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу