Еліміздің бірқатар өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды

402

Ең жоғары өсім Ұлытау облысына тиесілі.

Еліміздің бірқатар өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайды Фото: gov.kz

2026 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша құрылыс жұмыстарының көлемі 2025 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 11,5%-ға ұлғайып, 7 812,3 млрд теңгені құрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өсім ғимараттар мен құрылыстарды салу және жөндеу жұмыстары көлемінің 14,7%-ға артуына байланысты.

Құрылыс жұмыстарының жалпы көлемінде жеке құрылыс ұйымдарының үлесі 89%, шетелдік ұйымдардың үлесі 10,3%, мемлекеттік ұйымдардың үлесі 0,7%-ды құрайды.

Есепті мерзімде орындалған құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) түрлері бойынша ең көп үлесті автомобиль, теміржолдары мен метролар (25%), тұрғын емес ғимараттар (21,5%) және тұрғын үйлердің (12,6%) құрылысы алады.

Өңірлік бөліністе республиканың 17 өңірінде құрылыс жұмыстарының көлемі ұлғайып отыр.

Атап айтқанда:

  1. Ұлытау облысында (2,4 есе);
  2. Қызылорда облысында (31,5%);
  3. Шымкент қаласында (25,4%);
  4. Атырау облысында (22,2%);
  5. Павлодар облысында (18,8%);
  6. Алматы қаласында (18,1%);
  7. Түркістан облысында (17%);
  8. Шығыс Қазақстан облысында (15,2%);
  9. Ақтөбе облысында (12,3%);
  10. Абай облысында (11,5%);
  11. Алматы облысында (11%);
  12. Астана қаласында (11,1%).

2026 жылғы қаңтар-қыркүйекте пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы алаңы 16 348,9 мың шаршы метрді құрады. 

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің ауданы 2025 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 2,7%-ға ұлғайып, 13 197,7 мың шаршы метрді құрады.

Оның ішінде:

  • 8561,5мың шаршы метр – көп пәтерлі;
  • 4 592,2мың шаршы метр – жеке үйлер.
Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу