Еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды

696

Қазір республикадағы тасжолдарда 740 арнайы техника жұмыс істеуде.

Еліміздің бірнеше облысында жолдар жабылды

Республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына тағы да шектеу қойылды, деп хабарлайды Atameken Business.

Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, ауа райына байланысты "Екатеринбург-Алматы", "Жезқазған-Петропавл",  "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған", "Щучинск-Зеренді", "Көкшетау-Атбасар", "Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз" тасжолдары жабылды. Сондай-ақ, "Қарағанды-Аягөз-Бұғаз" және "Тимирязево-Сарыкөл" бағытындағы күре жол ішінара жабылды.

Қазір республикадағы тасжолдарда 740 арнайы техника жұмыс істеуде. Барлық сұрақтар бойынша 1403 нөмірі бойынша байланыс орталығына хабарласуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу