Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райы бұзылады

1140

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қаласында және Қостанай, Маңғыстау, Түркістан, Ақмола облысында жауын-шашын болады.  

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа-райы бұзылады

Ауа райының нашарлауына байланысты 21 наурызға бірнеше өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қостанай облысында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысып, күші түнде кей жерлерде 15-20, күндіз 23 м/с артуы ықтимал.

Түркістан облысының таулы аудандарында таңертең және күндіз қатты жаңбыр болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Шымкент қаласында кей уақытта найзағай ойнап, түнде және таңертең оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Ақмола облысында түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күшейеді.

Нұр-Сұлтан қаласында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші бөлігінде оның жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу