Еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады

342

Кей жерлерде жауын-шашын, тұман және үсік жүреді.

Еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады Фото: azattyq-ruhy.kz

3 қарашада еліміздің бірқатар облысында жауын-шашын, тұман, көктайғақ және үсік жүреді. Сонымен қатар бірнеше өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі. Алматыда жоғары өрт қаупі сақталса, Шымкентте бұл жағдай 3-4 қарашада да жалғасады.

Шығыс Қазақстан облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Таулы аудандарда кей уақытта қалың қар жаууы мүмкін. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын күтіледі. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Абай облысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Таңертең және түнде өңірдің солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде өңірдің солтүстігінде 3 градусқа дейін үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі де сақталады. Іле Алатауының таулы аймақтарында да жел күшейеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі. Алакөл көлдері маңында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Түнде ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді. Өңірде жоғары, ал шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарының кей аудандарында да тұман күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Түркістан облысында 3-4 қарашада жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында 3-5 қараша аралығында түнде 1-6 градус үсік жүреді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.

Сонымен қатар Ұлытау облысының батысы мен орталығында, Ақтөбе облысының бірқатар бөлігінде және Атырау облысында төтенше өрт қаупі жарияланды. Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының кей аудандарында да жоғары өрт қаупі сақталады. 

Синоптиктер тұрғындарды ауа райының қолайсыздығын ескеріп, жолда және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу