Еліміздің диқандарына биылғы көктемде 375 мың тонна арзан отын беріледі

800

Еліміздің диқандарына биылғы көктемде 375 мың тонна арзан отын беріледі

Еліміздің диқандарына көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге  375 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінеді, деп мәлім етті  ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, наурызда - 147 мың тонна, сәуірде - 106,4 мың тонна, мамырда - 118,6 мың тонна, маусымда 2 мың тонна бөлінетін болды.

Биылғы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін дизель отынының бағасы литріне  107 теңгені құрап отыр.

Болжам бойынша, 21,6 млн гектар жерге тұқым себіледі. Былтыр егіс науқанына 300 мың тонна арзан дизель отыны бөлінген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу