Еліміздің екі аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

554

Жезқазғанда +35 градус қатты ыстық болады.  

Еліміздің екі аймағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, 1 тамызда Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде күші секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында 1 тамызда күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні секундына 16 метрге жетеді. Ауа райына болжамының ықтималдылығы 90-100%.

Қарағанды облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз облыстың оңтүстігінде +35 градус аптап ыстық болады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 70-75%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу