Еліміздің экология министрі америкалық елшімен кездесті

289

Тараптар СОР28 конференциясы барысында Қазақстан метан бойынша Жаһандық міндеттемеге қосылғанын атап өтті.  

Еліміздің экология министрі америкалық елшімен кездесті Фото: ҚР ЭТРМ

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Елшісі Д.Розенблюм мырза экология және климаттың өзгеруі саласындағы ынтымақтастықтың кейбір мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар СОР28 конференциясы барысында Қазақстан метан бойынша Жаһандық міндеттемеге қосылғанын атап өтті.

Министр Ұлттық мұнай-газ компанияларында метан шығарындыларын азайту жөніндегі шараларды енгізу нәтижесінде шығарындылар деңгейін 2030 жылға қарай 2020 жылғы деңгейден 2%-ға, ал көмір өнеркәсібінде және қалдықтар түзу секторында 4,9%-ға қысқарту жоспарланғанын хабарлады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу стратегиясы шеңберінде жұмыс жалғасып жатқаны атап өтілді. Сонымен қатар, еліміздің ірі кәсіпорындарында ең үздік қолжетімді техниканы енгізу және шығарындыларды бақылаудың автоматтандырылған жүйесі туралы айтылды.

Кездесу соңында жоғарыда аталған бағыттар бойынша бірлескен жұмысты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу