banner

Еліміздің экспорттық әлеуеті төмендеуде

793

Тауар экспорты бір жылда 8%-ға кеміді

Еліміздің экспорттық әлеуеті төмендеуде

Биылғы жылдың қаңтар және ақпан айларында еліміздің тауар айналымы 13,7 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың (14,3 млрд долл.) осы уақытымен салыстырғанда 4,1%-ға азырақ деп хабарлайды ranking.kz.

Елдегі тауар айналымының негізгі үлесін (66,1%) экспорт алады. Тиісінше импорт 33,9%-ды құрайды. Тауар айналымының азаюы экспорттың 8,1%-ға төмендеуімен түсіндіріледі. Мәселен, биылғы жылдың екі айында Қазақстаннан тауар экспорты 9,1 млрд долларды құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 9,9 млрд АҚШ доллары болған еді. Ал тауар импорты 2019 жылдың дәл осы уақыт аралығымен салыстырғанда 4,6%-ға өсіп, 4,7 млрд долларға жеткен.

Қазақстанның ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 2020 жылдың қаңтар және ақпанын айларында 2,9 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 2019 жылдың осы айларымен салыстырғанда 4,4%-ға артық.

Екі айда ЕАЭО елдерінен келген тауар импорты 2,1 млрд долларды немесе өзара сауданың жалпы көлемінің 72,1%-ын құрады. Қазақстанның ЕАЭО елдеріне тауар экспорты бар-жоғы 27,9% немесе 818,3 млн доллар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға төмен.

Республиканың ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі ең үлкен үлесі Ресей Федерациясына келеді – 92,5%. Қырғызстан – 4,1%, Беларусь – 3,3%, Армения – тек 0,1%.

Қазақстаннан ЕАЭО елдеріне негізгі экспортталатын тауар –минералды өнімдер (384,8 млн доллар). Бұл өнімдер  жалпы экспорттың 47%-ын құрайды.

ЕАЭО елдерінен импортталатын тауарлардың  ең үлкен үлесін 23%, яғни 484,2 млн долларға машиналар, құрал-жабдықтар, көлік, аспаптар мен аппараттар алып отыр. Сондай-ақ, импортталатын өнімдердің алғашқы үштігіне минералды өнімдер (18,1% немесе 381,1 млн доллар), жануарлар мен өсімдік өнімдері, және дайын азық-түлік тауарлары (17,2% немесе 362,6 млн доллар) кіріп отыр.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу