Еліміздің экспорты 17,1%-ға қысқарған

743

Өзге елден тауар тасымалымыз 15,6%-ға артып отыр.

Еліміздің экспорты 17,1%-ға қысқарған

Биыл еліміздің басқа елдермен тауар айналымы 6%-ға азайып, 19,7 млрд долларға төмендеді, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Былтыр ел экономикасы күрделі жағдайда болды. COVID-19 пандемиясы салдарынан халықаралық сауда көрсеткіші төмендеді. 

2021 жылғы бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша әлем елдерімен тауар айналымы 6,1%-ға қысқарып, 19,7 млрд доллар болды. 

Сондай-ақ Қазақстанның тауар экспорты бір жылда 17,1%-ға азайып, 11,5 млрд долларға төмендеді. Керісінше импорт 15,6%-ға артты – 8,2 млрд долларға өсті.

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы туралы толық ақпаратты төмендегі инфографикадан көре аласыз.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу