Еліміздің ірі қалаларында жанармай қымбаттады

947

Ең төмен баға Атырау облысында тіркелді. 

Еліміздің ірі қалаларында жанармай қымбаттады

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Алматыдағы жанар-жағармай құю бекеттерінде 2021 жылдың 22-29 қазан аралығында АИ-92-нің орташа құны литріне 178-179 теңгеге жеткен. Бұл ретте, бір апта бұрын мегаполисте жанармайдың литрі 171-175 теңгеден сатылған болатын. Осылайша, апта ешінде баға 3 теңгеден 8 теңгеге дейін өсті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Нұр-Сұлтанда бұл кезеңде АИ-92 литрі 173-179 теңгеден (бір апта бұрын 172-177 теңге) сатылды. Шымкентте жанармай литрі 170-172 теңгеге (бір апта бұрын 167-170 теңге) жетті.

Ең жоғары баға Қарағанды облысында тіркелді – литріне 176-180 теңге. АИ-92 бағасы ең төмен өңір Атырау облысы – литріне 165-166 теңге. Бұл өңірде баға өзгерген жоқ.

Ақмола облысында жанармай литрі 175-176 теңгеден, Алматыда 173-177 теңгеден, Маңғыстау облысында 174-175 теңгеден, Батыс Қазақстанда 170-174 теңгеден, Қызылордада 170-174 теңгеден сатылуда. 

Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында – 174-175 теңге, Солтүстік Қазақстан облысында – 175-177 теңге, Павлодар облысында – 170-173 теңге, Қостанай облысында – 175-178 теңге, Түркістанда – 169-172 теңге, Ақтөбе облысында – 165-176 теңге, Жамбыл облысында – 173-175 теңгеден саудалануда.

Өз кезегінде, қазір Алматыдағы жанармай құю бекеттерінде АИ-95 литріне 205 теңгеден 215 теңгеге дейін, Нұр-Сұлтанда шамамен 203-210 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу