Еліміздің IT-экспорты 1 млрд долларға жетті

63

Қазақстанның цифрлық экономикасын дамытудың негізгі элементі Astana Hub экожүйесі болып қала береді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Еліміздің IT-экспорты 1 млрд долларға жетті Фото: Үкімет

Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ведомствоның бір жылдағы қызметінің қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл алаң бүгінде 2 мыңға жуық IT-компанияны біріктіреді. 2025 жылы хаб желісі 20 аймақтық және 4 халықаралық сайтты қамтиды.

Қатысушылардың табысы 800 млрд теңгеге жетіп, 20%-ға өсті, ал елдің IT-экспортының көлемі 1 млрд долларды құрады.

"Халықаралық хабтар арқылы 100-ден астам қазақстандық стартап шетелдік нарықтарға шықты. Экожүйеде аймақтың алғашқы технологиялық "сыңармүйіз" компаниясы пайда болды, ол – Higgsfield.ai. Ал венчурлық қаржыландыруды дамыту үшін мақсатты көлемі 1 млрд доллар болатын Qazaqstan Venture Group құрылды, қазіргі уақытта 115 млн доллар қаражат тартылды", – деп толықтырды Жаслан Мәдиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу