Еліміздің Қарулы күштері қалай жабдықталған?

511

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Қамалетдинов әскердің қару-жарақпен жабдықталуы туралы ақпарат берді, деп жазады inbusiness.kz.

Еліміздің Қарулы күштері қалай жабдықталған?

Оның дерегінше, әскерлерді озық қару-жарақпен және басқару жүйелерімен жарақтандыру бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда. Қорғаныс министрлігі отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытуда үлкен рөл атқарады және оның кәсіпорындарымен үнемі өзара байланыста болады.

"БПЛА, атыс қаруы, жоғары дәлдіктегі қару-жарақ пен оқ-дәрілер, әскери техника және арнайы операциялар Күштеріне арналған қару-жарақпен қамту Қорғаныс күштерінің басым бағыттары  Қорғаныс министрлігі үшін қару-жарақ пен әскери техниканы сатып алу Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі арқылы мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында жүзеге асырылады. Ағымдағы жылы 110 бірліктен астам әскери техника сатып алынды. Оның ішінде "Арлан" броньды доңғалақты машиналары-10 бірлік, КамАЗ-43114-80 бірлік, КамАЗ – 43118-10 бірлік, Орал 6х6-8 бірлік. Әуе қорғанысы күштері 4++ буынының заманауи көпфункционалды стребительдерімен (Су-30СМ), соқпалы (Ми-35М) және көліктік-жауынгерлік (Ми-171Ш) тікұшақтармен, әскери-көліктік ұшақтармен (С-295) және L-410 оқу-жаттығу ұшақтарымен жарақтандырылады", деді Серік Қамалетдинов.

Оның дерегінше,  испандық Airbus military (Айрбас милитари) компаниясы шығарған ауыр жүк көтергіштігі А400М әскери-көлік ұшақтары жеткізілетін болады. Орта класты әскери-көлік ұшақтарының желісін сатып алу жалғасуда. 2023 жылы сол компанияның кезекті С295М ұшағы жеткізіледі.

"Қарулы Күштердің мемлекеттік қорғаныс тапсырысын қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің отандық және шетелдік кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Қазақстандық кәсіпорындар әскери техниканың едәуір мөлшеріне жөндеу және қызмет көрсетеді. Құрлық әскерлері үшін отандық қорғаныс кәсіпорындары "Арлан 4х4" брондалған доңғалақты машиналарын жеткізеді, БКМ 8х8 тәжірибелік әскери пайдаланудан өтеді, бронды техникаларға: Т-72, БМП-2 және БТР-80 танктеріне күрделі жөндеу жүргізіледі", деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

Әуе қорғанысы күштері үшін "Гранит" ЖШС арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы" базасында С-300ПС зениттік-зымыран кешендерін күрделі жөндеу, С-125 кешендерін жаңғырту жүзеге асырылады. Сондай-ақ, "Нұр" Отандық радиолокациялық кешендері өндіріледі.

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ базасында дәлдігі жоғары зымырандары бар Құрлық әскерлері үшін бір дүркін атысының зымыран кешенін құру жобасы іске асырылуда. "Зенит "Орал зауыты" АҚ Әскери-теңіз күштерінде қолдану үшін көмекші (көпфункционалды) кеме құрылысын жүргізуде", деді Серік Қамалетдинов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу