Еліміздің кәсіпорындары Тбилисиде өнімдерін ұсынды

692

Еліміздің кәсіпорындары Тбилисиде өнімдерін ұсынды

Қазақстанның 20-ға тарта ірі кәсіпорыны Тбилисиде өз өнімдерін көрсетті, деп хабарлайды 24.kz.

Отандық кәсіпкерлер грузин нарығын игеру арқылы екі ел арасындағы сауда айналымын арттыруды көздейді. Іс-шара Қазақстанның Грузиядағы елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылған.

Машина жасау, химия, азық-түлік және металлургия саласының мамандары Грузияның көтерме сауда-саттық компанияларымен болашақта өзара байланыс орнату жөнінде келіссөздер жүргізді.
Грузия астанасында мұндай іс-шаралар жиі өтіп тұрады. Бұл жолы іскер топ өкілдері бесінші мәрте бас қосты. Жиын соңында қазақ-грузин кәсіпорындары жалпы құны 10 миллион доллар болатын бірнеше келісім-шартқа қол қойды.
"Қазақ-инвест" компаниясы биыл Грузиядан бөлек Ресей, Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға отандық тауар өндірушілердің өнімдерін шығаруды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу