Еліміздің қоймаларында шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар

125

Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі мәлім етті.

Еліміздің қоймаларында шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар Фото: kazaknews.kz

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мониторингтік топтары тұрғындарға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жеткізілу барысын бақылау мақсатында ел аумағындағы көмір тұйықтарын тексерді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тексеру нәтижесінде қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар екені анықталды. Вагондармен қамтамасыз ету, көмірді тиеу және тасымалдау барысында ешқандай кідіріс немесе проблема тіркелмегені хабарланды.

ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, компания коммуналдық-тұрмыстық көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Сондай-ақ тұрғындар үшін көмір тасымалының барысын бақылап, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін жедел штаб жұмыс істейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу