Тірек метеобекеттерінің мәліметіне жүгінсек, Қазақстанның көптеген таулы аймағында қар жамылғысы еріп кетті. Бірақ қар жамылғысы республикамыздың оңтүстік және оңтүстік-шығысының биік таулы аймақтарында сақталады.
Қар жамылғысы туралы ақпарат тек биік таулы Іле Алатауының станцияларынан ғана түседі. Қар жамылғысының биік болуына байланысты Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының таулы аудандарында 3-31 мамыр аралығында қар көшкіні қаупі сақталады.
Ең қауіптісі қарқынды жылымықтың аясында жауын-шашынның түсуіне байланысты күтіледі. Осы кезеңде спорт және мәдени бұқаралық іс-шараларды биік таулы аймақтарда өткізбеген жөн. Тауда абай болыңыздар!
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу