Еліміздің ластанған 10 қаласы газ бен баламалы қуат көзіне көшіріледі

731

Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Президент жолдауын жүзеге асыруға арналған жалпыұлттық жоспар аясында "Агломерацияны дамыту туралы" заң әзірленетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Еліміздің ластанған 10 қаласы газ бен баламалы қуат көзіне көшіріледі

Министрдің мәлімдеуінше, өңірлердің даму жоспары ерекше назарға алынады. Стратегиялық инвесторлармен бірлесіп, ел аумағында 2 400 мегаваттық жаңартылатын қуат көзі іске қосылады.

"Еліміздің ластанған 10 қаласын орта мерзімді кезеңде газға немесе баламалы қуат көзіне көшіру жоспарланып отыр. Өңірлерді дамытудың ұлттық жобасы аясында 5 жыл ішінде барлық қалалар мен ауылдар таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі. Су ресурстарын ұқыпты пайдалану мақсатында 120 арна реконструкцияланады және 9 жаңа су қоймасы салынады", – деді Әсет Ерғалиев. 

Оның сөзінше, бюджет үдерісін жеңілдету, бюрократияны барынша азайту және цифрлық тәсілдерді қолдануды кеңейту бойынша заңнамаға түзету енгізіледі. Абаттандыру және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының бюджетіндегі халықтың қатысу үлесі ұлғайтылады. 

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу