Еліміздің шығысында қар жауып, қозғалыс қиындады: Автожолдар уақытша жабық

576

Шығыс Қазақстан облысында алғашқы қар жауып, қалааралық жолдарда көктайғақ пайда болды.

Еліміздің шығысында қар жауып, қозғалыс қиындады: Автожолдар уақытша жабық Фото: Видеодан скриншот/qaj.kz

Ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар тасжолда көлік қозғалысына шектеу енгізіліп, жазғы дөңгелекпен жүрген автокөліктердің жолға шығуына тыйым салынды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, батыстан, солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында 15-20 м/с-қа жетеді. Күндіз облыстың солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің екпіні 24-29 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін.

Семей қаласында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 25 м/с болады деп болжанып отыр.

"Қазгидрометтің" Абай облысы бойынша 21-25 қазанға арналған консультативтік болжамына сәйкес, бүгін өңірдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі мен орталығында желдің екпіні 15-28 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы +2…+7 градус болады.

22-23 қазанда да жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 15-25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Түнде ауа температурасы -3…+3, күндіз 0…+5 градус болады.

24 қазанда Абай, Жарма, Көкпекті, Ақсуат, Үржар және Мақаншы аудандарында аздаған қар жауып, көктайғақ болады. 25 қазанда жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Семейде бүгін жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с болады. Ауа температурасы +3…+5 градус шамасында болады.

Ал Шығыс Қазақстан облысында да ауа райы күрт өзгереді. "Қазгидрометтің" болжамынша, 21 қазанда өңірдің басым бөлігінде жаңбыр, дымқыл қар жауып, көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен таулы аудандарында қалың қар жауып, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстікте, оңтүстікте және орталықта желдің екпіні 15-28 м/с-қа жетуі мүмкін.

Өскеменде күндіз жаңбыр мен қар жауып, желдің екпіні 15-23 м/с болады деп болжанып отыр. Ауа температурасы +2…+4 градус шамасында болады.

"ҚазАвтоЖол" ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысында көлік қозғалысына шектеу қойды.

"2026 жылғы 21 қазан сағат 12:30-да ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Өскемен – Риддер – РФ шекарасы" автожолының 15 – 105 шақырым аралығында (Белоусовка кенті – Риддер қаласы) тіркемесі және жартылай тіркемесі жүк көлік түрлерінің қозғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылы 22 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу