Еліміздің су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды

112

Ведомство өңірдердегі жағдайды баяндады.

Еліміздің су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды Фото: Бұқтырма су қоймасы

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

30 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 937 текше метр, ал Өскемен су қоймасынан 1 032 текше метр су жіберіліп жатыр.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 2 700 текше метр су жіберіліп жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 782,12 текше метр, Петропавл су қоймасынан 2904.12 текше метр су жіберілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу