Еліміздің сыртқы қарызы көбейген

783

Еліміздің сыртқы қарызы көбейген

Еліміздің сыртқы қарызы 167 млрд 500 млн долларға жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша, былтыр бұл көрсеткіш 163 млрд 630 млн болған, яғни биыл 2,35 пайызға артқан.

Мемлекетті берешекке батырып отырған фирмалар арасындағы қарыздар. Алайда, өткен жылдың 4-ші тоқсанында заимдар көлемі сәл де болса кеміп, 1 млрд 400 млн долларға азайған. Бұған ірі өндіріс компанияларының инвесторларына төленген дивидендтер, сондай-ақ, елімімздегі кәсіпорындардың еншілес компаниялары өтеген қарыздары себеп болды.

Айта кетсек, жалпы қарыздың басым бөлігі, яғни 143 млрд доллары - АҚШ валютасында, екі жарым млрд доллары - еурода, 1 млрд 150 млн доллары Ресей рублінде номиналданған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу