Еліміздің тұрғындары доллар сатып алуды азайтқан

866

Еліміздің тұрғындары доллар сатып алуды азайтқан

2016 жылғы желтоқсанда халықтың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алу көлемі өткен аймен салыстырғанда 10%-ға төмендеп, 358,5 млн АҚШ долларын құрады, деп мәлім етті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

"Бұл көрсеткіш 2015 жылғы желтоқсандағы деңгейден (922,1 млн. АҚШ доллары) үш есе дерлік төмен. Бұл ретте теңгенің 2015 жылғы желтоқсандағы айырбастау бағамының деңгейін 2016 жылғы желтоқсандағы деңгеймен салыстыруға болады – тиісінше әр кезеңнің соңындағы есептен алғанда 1 АҚШ доллары үшін 340,01 және 333,29 теңге", – делінеді хабарламада.

2016 жылы халықтың АҚШ долларын нетто-сатып алуы 1,4 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2015 жылғы көлемнен 5,7 есе дерлік төмен.

"Бұл деңгей 2001 жылдан бергі бақылау кезіндегі ең төмен жылдық мән болып табылады. Қолма-қол АҚШ долларына сұраныс сақталып отыр, алайда ол едәуір төмендеп кетті",  – деп баспасөз баянында атап көрсетілген.

Банк өкілдері осындай көрініс шетел валюталарының басқа да неғұрлым танымал түрлері бойынша байқалып отырғанын айтады.

"Мәселен, 2016 жылы қолма-қол ресей рублін нетто-сатып алу 88,1 млрд рубльге дейін 2 есе қысқарды. Бұл ретте қолма-қол АҚШ доллары мен ресей рублін нетто-сатып алудың теңгедегі баламасында көлемі іс жүзінде теңесті, ал 2015 жылы америка валютасы ресей валютасына қарағанда 2,7 есе сұранысқа ие болды", – делінген хабарламада.

Еуропаның қолма-қол валютасын нетто-сатып алудың көлемі өткен жылы 373 млн еуроға дейін 40%-ға жуық қысқарды. Еуроға сұраныс шектеулі болып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу