Еліміздің үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті

174

Су ресурстары және ирригация министрлігі тасқын суын қабылдау және қауіпсіз өткізу үшін еліміздің солтүстік, батыс, шығыс және орталық аймақтарындағы ірі су қоймаларынан су жіберіп жатыр.  

Еліміздің үш облысында су тасқынының шарықтау кезеңі өтті Фото: primeminister.kz

Жауапты министрлік тәулік бойы су деңгейін бақылап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

7 сәуір күнгі жағдай келесідей:

Ақтөбе, Қостанай және Батыс Қазақстан облыстарының су қоймаларында су тасқынының белсенді кезеңі аяқталды.

Ақмола облысында Астана су қоймасынан секундына 260 текше метр, Сілеті су қоймасынан 151,74 текше метр, Шағалалы су қоймасынан секундына 20 текше метр су жіберілуде.

Шығыс Қазақстан облысында Бұқтырма су қоймасынан секундына 561 текше метр, ал, Өскемен су қоймасынан 450 текше метр су жіберілуде.

Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан секундына 750 текше метр су жіберілуде.

Қарағанды облысында Ынтымақ су қоймасынан секундына 8 текше метр, Самарқанд су қоймасынан 2 текше метр су жіберілуде.

Ұлытау облысы Кеңгір су қоймасынан секундына 284,2 текше метр су жіберілуде.

Солтүстік Қазақстан облысында Сергеев су қоймасынан секундына 1202,4 текше метр, Петропавл су қоймасынан 781 текше метр су жіберілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу