Еліміздің үздік спринтері халықаралық турнирде чемпион атанды

556

Еліміздің үздік спринтері халықаралық турнирде чемпион атанды

Еліміздің үздік спринтері Виктория Зябкина Грекия астанасы Афины қаласында өткен халықаралық Filothei Women Gala турнирінде 100 метрге жүгіруден чемпион атанды, деп хабарлайды ҚР жеңіл атлетика федерациясының ресми сайты. 

Жалпы, 100 метрлік сайыста 10 желаяқ қатысты. Ұйымдастырушылар оларды екі топқа бөліп жүгіртті. Зябкина мықтылар жиналған екінші топпен жүгірді. Жерлесіміз бірден қарқынын үдетіп, бәсекелестерін қапы қалдырып кетті. Викторияның нәтижесі – 11.44 секунд. Екінші орын украиналық Наталья Погребнякқа бұйырды.

Айта кетейік, Филотеидегі жарыс Зябкина үшін Грекиядағы үшінші халықаралық дода. Алғашқы екеуінде қазақстандық атлет екінші орын алған. Осы жолы алғаш рет жеңіске жетті. Мысалы, 3 маусымда Chania Invitational жарысында 100 метрді 11.51 секундта жүгіріп өтті, 200 метрді 23.35 секундта бағындырды. Ал 9 маусымда Каламата қаласындағы бәсекеде 100 метрлік сайыста мәреге 11.26 секундта жеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу