Еліміздің жалпы ішкі өнімі 2,8%-ға төмендеді

979

Жылдық инфляция 7,3%-ті құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлім етті.

Еліміздің жалпы ішкі өнімі 2,8%-ға төмендеді

"Нақты сектордың дамуы 2%-ға жоғарылады. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны минус 5,9%-ға жақсарды. Нәтижесінде, ЖІӨ-нің өсуі минус 2,8% деңгейінде қалыптасты", – деді министр. 

Руслан Дәленовтың айтуынша жылдық инфляция 7,3%-ды құрады. Бұл ретте ол қарашаның айында қазанға қарағанда экономикалық серпін неғұрлым жоғары екенін атап өтті. 

"Оң тренд байқалады. Құрылыс саласы жоғары өсуді және өңдеу өнеркәсібі салалары серпінді өсуді көрсетуде. Қызмет көрсету секторында іскерлік белсенділік жақсаруда, сондай-ақ ұзақ пайдаланылатын тауарларға сұраныс қалпына келе бастады", – деді Руслан Дәленов. 

Еске сала кетсек, қаңтар-қазан айларында ЖІӨ 2,9%-ға төмендеген болатын. Ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 4,5%-ға жоғарылаған. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу