Еліміздің жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық алаңдарда тәжірибесімен бөлісуде

675

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты.

Еліміздің жемқорлыққа қарсы қызметі халықаралық алаңдарда тәжірибесімен бөлісуде

Жиында Олжас Бектенов сыбайлас жемқорлыққа қарсы пәрменді іс-қимыл жасау үшін ашықтықты, мемлекеттік аппараттың есептілігін және қоғамдық қатысуды арттыру қажеттігін атап өтті.

"Бірқатар мемлекеттік қызметтерді, лицензиялауды, сот ісін жүргізуді, кедендік және салықтық шараларды "электрондық" форматқа ауыстыру маңызды қадам болды. Әлеуметтік қызмет көрсету барысында жемқорлық көріністерін азайту тұрғысында "Дамумед" мобильдік қосымшасы және зейнетақы мен жәрдемақы тағайындаумен байланысты үдерістерді цифрландыруды да атап өтуге болады. Жемқорлықтың алдын алудың тағы бір маңызды аспектісі – қоғамдық қатысу мен бақылау құралдарын кеңейту. Бұл бағытта "Адалдық алаңы" және "Ашық бюджет" жобаларының, арнайы мониторингтік топтардың, қоғамдық бақылаудың интерактивті картасының тәжірибесі табысты", - деді ол. 

Конференцияға қатысушылар Қазақстанның сыбайлас жемқорлықты алдын алу бағытында қабылдап жатқан шараларына оң баға берді.

Еске сала кетсек, 9 желтоқсанда Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні деп белгіленген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу