Елімізге Азиядан келетін студенттердің саны артты

73

Министрлік мұны тарихи рекорд деп отыр.  

Елімізге Азиядан келетін студенттердің саны артты Фото: inform.kz

Қазақстанда 31,5 мың шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжілістің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстанның өңірлік академиялық хаб ретінде қалыптасу бағытында министрлікпен жүйелі түрде жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні елімізде 31 500 шетелдік студент білім алып жатыр. Бұл – тарихи рекорд. Алғаш рет Азиядан келген студенттер саны ТМД студенттерінің санынан асып түсті. 2029 жылға қарай олардың санын 150 000-ға дейін арттыруды жоспарлаудамыз. Бұл мәселені ілгерілету үшін Study in Kazakhstan білім көрмесі ұйымдастырылып, іске асырылып келеді", – деді ведомство басшысы.

Оның аясында биыл Лондонда Қазақстан алғаш рет Bett Show 2025 көрмесінде ұлттық білім павильонын ұсынды. 2025 жылы білім көрмелері Ұлыбритания, Әзербайжан, Пәкістан және Қытайда өтті.

Ал 2026 жылы Вьетнам, Үндістан, Индонезия, Біріккенн Араб Әмірлігі, Қатар, Түркия, Моңғолия, Марокко және басқа елдерде өтеді.

"Сонымен бірге, бізде әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының филиалдары ашылып, қызмет етуде. Оған қоса, шетелде жетекші қазақстандық жоғары оқу орындарының филиалдары да құрылып, жұмыс істеп жатыр. Филиалдар Ресейде, Өзбекстанда, Қырғызстанда және Тәжікстанда құрылды", – деп атап өтті Саясат Нұрбек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу